Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Катар тарапының тиісті өтініші АӨСШК-ке мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің ағымдағы жылғы тамызда өтетін кеңесінде қаралатын болады.
Тараптар халықаралық және аймақтық ұйымдар, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ислам Конференциясы ұйымының аясындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты.
Қазақстан жағы Доханың өркениетаралық және конфессияаралық үнқатысу үдерістерін дамытудағы маңызды рөлін жоғары бағалай отырып, Катарды Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясындағы ынтымақтастыққа шақырды, деп атап көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Катар тарапы Қазақстанның 2008 жылдың қазанында Астанада өткізу жоспарланған және халықаралық қатынастар проблемасын, жаңғырту, экономикалық ынтымақтастық, мәдениеттерді өзара бейімдеу, осы үдерістегі БАҚ-тың рөлін талдауды талқылауға бағытталған "Ортақ әлем: сан-алуандық арқылы ілгерілеу" атты Сыртқы істер министрлерінің форумын шақыру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.
Тараптар өзара мүдделілікке ие түрлі халықаралық және өңірлік сипаттағы проблемалар, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша Сыртқы істер министрлері арасында тұрақты саяси кеңесулер өткізіп тұру жөнінде уағдаласты. 2007 жылы Катар астанасы - Дохада Қазақстан елшілігі ашылған болатын, ендігі кезекте катар жағы Астанада өз дипломатиялық өкілдігінің құрылатыны жөнінде хабарлады.