Катар және Бангладеш АӨСШК толыққанды мүшелері болды

"Бүгін Катар және Бангладеш АӨСШК толыққанды мүшесі болды. Олардың қосылуы арқасында біздің Форумның шекарасы мен географиясы елеулі түрде кеңейді", деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбіде Шанхайда АӨСШК IV саммитінде.

"Ұйым 26 мүше-мемлекетті, 7 бақылаушы мемлекетті, 4 халықаралық ұйымды және Форум қонақтарын біріктіріп отыр", деді Н.Назарбаев.

Ол "болашақта оған біздің континентіміздің басқа да мемлекеттері қосылатын болар", деген үмітін білдірді.


Катар және Бангладеш алдында АӨСШК-да бақылаушы мәртебесіне ие болған.