Катар-2022 ширек финалы: Хорватия - Бразилия, Нидерланды - Аргентина матчтеріне трансляция

Бүгін, 9 желтоқсан Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында ширек финал матчтері өтеді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Алаңға шығатын командалар: Хорватия - Бразилия (21:00) және Нидерланды - Аргентина - (01:00). Бірінші ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді. Екінші матчті
Qazaqstan
арнасынан тамашалай аласыз.

1/4 финалдың өзге ойындары 10 желтоқсан Марокко - Португалия, Англия - Франция жұптары арасында өтеді.