Катарда өтіп жатқан турнирде Раушан Мешітханова екінші орын алды

Ол өз салмағынан әлдеқайда жоғары 87 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 215 келіні еңсерді. Раушан турнирде жеңімпаз атанған венгриялық спортшыдан бір келі ғана кем көтергенін айту керек.  

Сондай-ақ жерлесіміз жұлқа көтеруде 100 келіні бағындырып алтын алса, серпе көтеруде 115 келімен күміс олжалады.