Катарда Қазақстандағы күн панелдері элементерінің өндірісін құру бойынша келіссөз өтті

Катар астанасында қазақстандықтар жергілікті «Qatar Solar Energy» және америкалық «Solar City» компанияларының басшыларымен келіссөз жүргізді.

Келіссөз барысында жаңартылған энергия көздері мен күн панелдері элементтерін өндіретін бірлескен кәсіпорын құру саласындағы ынтымақтастықтың аспектілері талқыланды.

Атап айтқанда, Қазақстандағы кварц түріндегі бар ресурстарды пайдалану және фотовольтаика инфрақұрылымдары мен зауыттары қажет деп болжанады.   «Qatar Solar Energy-де» қуаты үш жүз мегаватт күн элементтерін өндіретін зауыт бар. Бірлескен кәсіпорынды құру «Solar City» келісімшартының «офтейкін» орындау үшін қазақстандық және катарлық ресурстарды біріктіруді болжамдайды.

Үш компанияның басшылары мен Катар мемлекетіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Шоқыбаев катарлық премьер-министр, ішкі істер министрі шейх Абдалла бен Насер бен Халифа аль Танимен кездесті. Олар осы жобаның келешегін және басқа да қазақстандық-катарлық екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.