Caravan Logo

"Қателігі басына тисін": Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз Әбдікәрімова туралы

"Қателігі басына тисін": Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз Әбдікәрімова туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі тікелей эфирлердің бірінде келінінің қателігі туралы сөз қозғаған.

"Алданып қалды, ол жерде менімен де, Қайратпен де ақылдасқан жоқ. Өзінің қателігі болғасын, өзінің мойнымен көтеріп жатыр. Ол да тырысып жатыр, көрсін. Кішкене басына тигені жақсы. Әр нәрсенің қадірін біледі. Ол үй де оңайлықпен келген жоқ. Қайрат екеуміз неше түндер ұйықтамай, концерт беріп, дизайнмен ремонт жасап, жиһаздарын алып бергенбіз, көрсін енді. Қайраттың бала-шағасы, Жұлдыз үйсіз қалмайды. Бірақ, кішкене уақыт бердік. Ол да оңай үй емес, өте қымбат үй. Мысалы, мен қазір үйімнен айырылып қалсам, ертең барып үй ала салмаймын ғой. Оның барлығының артында Қайраттың еңбегі тұр ғой. Қайрат та адам. Сол үшін артық сөздің керегі жоқ. Үй қазір алынбай жатқанымен, ай сайын 1 миллион төлеп пәтерде тұрып жатыр, үш ай сайын 3 миллион төлеп қояды", - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушыларының басым бөлігі Гүлзира Айдарбекованың ойымен келісіп, әр адам өз қателігін өзі шешу керектігін жазуда.

"Ия, Қайраттың арқасында жүр. Бірақ соны өзі түсінбейді", "Дәл айттыңыз, дүниенің қадірін біліп, еңбектену керек", "Семіздікті қой ғана көтереді деген осы", "Дұрыс, алданып қалатын кішкентай бала емес", - деп жазды олар.