Катманду әуежайы жойқын жер сілкінісі салдарынан жабылды


Әуежайдан ұшу уақытша тоқтатылды. Әуежай жұмысы қашан қалпына келетіні белгісіз.
Бұған дейін сейсенбі күні Непалда магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Бір сағаттан кейін АҚШ Геологиялық қызметі магнитудасы 5 және 6,3 құрайтын тағы екі жер сілкінісі туралы мәлімдеді.
Жер сілкінісі Үндістан мен Бангладештің солтүстігінде байқалған.
Әзірге төрт  адамның қайтыс болғаны мәлім. Көптеген ғимараттар қираған.
Непалда бұған дейін 25 сәуірде магнитудасы 7,9 құрайтын жер сілкінісі болған. Оның салдарынан 8 мыңнан астам адам құрбан болды. 18 мыңға жуық адам жарақат алды.