Ачех - Индонезиядағы 34 провинцияның ішіндегі шариғат заңдарымен жүретін жалғыз аймақ. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айына дейін некесіз пен гомосексуальдық қатынас заңмен жазаланбайтын болған еді. Енді шариғат тыйымдарын бұзғандарға айыппұл салынып немесе абақтыға жабуға толық негіз бар. Сондай-ақ, алкогольді ішімдік сатқандар мен қолданушылар да жазадан тыс қалмайды.
Amnesty International атты құқықтық ұйым Ачехтегі жаңа заң жобасы бойынша наразылық танытып, қарсылық көрсеткен болатын. Алайда, заң шығарушылардың қауіптенуі ұзаққа созылмады. Жергілікті католик дінідегілер шариғат талаптарымен жүріп-тұруға еш қарсылық танытқан жоқ.
«Әлі бірде-бір каолик дініндегілер шариғат заңын бұзып көрген жоқ. Осылай жалғаса беретініне үміттіміз», - дейді Ачехтегі католиктік шіркеу пасторы Херманус Сахар.