"Қатты ғашық болып қалған": Мақпал Жүнісова пен Заманбек Нұрқаділовтің құпия сақталған суреттері тарады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші желіде отбасылық өміріндегі бір топ суреттермен бөлісті.

Көпшілік олардың жас күніндегі суреттерінің әдемі екенін айтып, жарасымды жұп болғанын жарыса жазып жатыр.

"Қатты ғашык болып қалған ғой Зәкең, Мақпал жап-жас үлбіреп тұр ғой, әрине ғашык болады", "Ағамызда өнерге жақын,әнді жүрегімен түсінетін адам боп тұрғои,Сіздің әніңізге,өнеріңізге де көз жұма қарамаған сияқты", "Қандай сулусыз жас кезде нәзік болғаныңыз суреттен көрініп түр мақпал апа. Қандай жақсы жар таңдағансыз ол кісі өте ақылды елге жаны ашитын жан еді. Жатқан жері жайлы Төрі жұмақтан нәсіп еткен шығар ИнШаАллах", "Сұп сұлу Мақпал апамыз", - деп жазып жатыр олар.