Бұл туралы ол Threads желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Қоғам осындайды көреді де, содан кейін балалар мен ересектердің жануарға деген қатыгездігі қайдан шығады деп таң қаламыз.
Бұған дейін мен «Зу-Зу Күлпаш» сериалынан бір көріністі көрсеткен едім. Ол жерде бір сахна үшін мысықты күйемен былғап, қатты күйзеліске түсірген. Сол кезде көп адам: «Бұл жай ғана кино ғой» деп ақтауға тырысқан.
Бірақ, енді тағы бір эпизод шықты. Онда актер байқамай мысықтың үстіне отырып алып, оны өлтіріп қойғандай көрсетеді. Бұл енді жай ғана сәтсіз әзіл емес. Бұл — қатыгездікті әзіл мен теледидар арқылы қалыпты нәрсе ретінде көрсету”, - деп жазды блогер.
Осыған байланысты желі оқырмандарының пікірі мынадай болды: