Ол көршілес елдің ойыншыларына лайықты ұтыла білу керектігін еске салды, деп хабарлайды Сaravan.kz. медиа порталы.
Ол бауырлас елдің ойыншыларына сабырлы болуға шақырды.
"Қатын өсекті қою керек. Қырғыз ағайындар “ойыншымызды қамшымен тартып жіберді” деп дау шығарып жатыр екен. Бас жарылып, көз шыққан жоқ қой. Қазақ ойыншысы айып алаңына қуылып, жазасын алды емес пе?
Көкпар жүректі, білектілердің ойыны. Шаңның ішінде аттың жығылып, көкпаршылардың тапталып қалғанын талай көрдік. Отқа май құйып, түймедейді түйедей етудің қажеті жоқ.
Көкпаршы тұрмақ, жанкүйермен бірге қамшының астында қалған кезді ұмытқан жоқпыз. Арыға бармай-ақ қояйық… Расында мынадай сойқан көкпарды бұрын-соңды көрмеппін. Біздің жігіттер таза жеңді. Құтты болсын! Қазақстан ЧЕМПИОН", - деп жазды депутат.