Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қаралы хабарды Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешені естіртті.
"Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.
Сәбит Мұқанов (1900–1973) – қазақтың көрнекті жазушысы, ақын және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1943-1951 жылдары Қазақстан жазушылар одағын басқарды.
Оның әйгілі шығармаларының қатарында "Ботагөз", "Сырдария" романдары мен "Өмір мектебі" өмірбаяндық трилогиясы бар. Оның қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
Баян Мұқанова отбасының ғылыми дәстүрін жалғастырып, саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.