"Қазақ әйелдерінде жатыр варикозы жиі кездеседі, шетелде ондай жоқ": Дәрігер-флеболог дабыл қақты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында ауылдық жерлерде өмір сүретін адамдардың денсаулығы нашар екенін мәлімдеді.

"Біздегі варикоз өте ерекше. Шетелдік адамдардың варикоздарымен салыстыруға келмейді. Қазақ әйелдерінде жатыр варикозы жиі кездеседі. Соған таң қаламын. Күнделікті қанша адам қабылдаймын. Мысалы, 10 әйелдің 7-8-де аяқтағы варикоздың себебі жатырдан шығады. Шетелге барсаң, әйелдерінде ондай варикоз жоқ. Сосын мен "кіші жамбас қуысында варикоз бар ма" деп сұраймын. Олар "ол не" деп жауап береді. Демек, оларда кездеспейді. Тіпті, Ресейдің өзінде кіші жамбас қуысының вариказоның 90-95% Дагестан, Шешенстан секілді мұсылман елдерінің адамдарында кездеседі. Бұл жерде мәселе бала тууда емес, организмдегі дефицитті жабуда. Тәжірибемде байқағаным, жатыр варикозымен бала көп туған, әлеуметтік жағдайы төмен әйелдер көп келеді. Өзіне қарайтын, спортпен айналасатын әйелдерде кездестірмейсің. Көбіне ауылдық жердің әйелдерінде кездеседі. Тексерсең анемиядан бастап бүкіл дефициттар шығады. Соны толтырмай, бірін үстіне бірін бала туады. Қазір ауылдық жердегі адамдардың денсаулығы жоқ. Баяғыдай емес", - дейді ол.