Лондондық «Челси» қазақстандық «Қайраттың» 16 жасар шабуылшысы Дастан Сәтпаевпен мәміле жасады. Ол бес жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы итальяндық журналист Фабрицио Романо жазды.
Он алты жасар қазақ баласы Дастан Сәтпаев "Челсиге" 4,3 миллион еуроға сатылды.
2023 жылы Сәтпаев Қазақстанның жасөспірімдер лигасының үздік ойыншысы атанды, ол «Қайрат» командасында дебют жасап, клуб тарихындағы ең жас ойыншы болып, рекорд орнатты.
Дастан 18 жасқа толғанша "Челси" жіберген клубта арендада болады. Әзірге жазға дейін "Қайратта" жүре тұрады деп отыр.
Осыған дейін Сәтпаев үшін РБ Зальцбург, Байер, Бенфика және Реал Сосьедад таласқан болатын.