Саясаттанушы Асхат Қасенғали әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ халқы үшін тарихи маңызы бар құжаттарды жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Тура жүз жыл бұрын , 1925 жылы 15-19 сәуір аралығында Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің бесінші бүкілқазақ съезі Ақмешіт қаласында өтті. Сол съезде Киргиз АКСР-і болып жүрген республика өзінің «қазақ» атауын қайтарып алды», - деп жазды депутат Мұрат Әбенов.