5 қарашада АҚШ-та президент сайлауы басталды. Демократиялық партия атынан Камала Харрис пен республикашылдардың кандидаты Дональд Трамп арасында тартыс күшейді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
27 штат тұрғындары өз таңдауын жасап болғанын жазған. Алдын ала есеп бойынша 9 штатта демократтар үміткері Камала Харрис жеңсе, қалған 18 штатта Дональд Трамп алда келеді. Алда әлі 23 штаттың алдын ала қорытындысы шығуы қажет. Ең кем дегенде 270 сайлау коллегиясының дауысын жинау қажет. Трампта қазір 207 коллегияның дауысы бар, Харристе бар болғаны 91 коллегия дауысы бар.
Сайлаудың қорытындысы Қазақстан экономикасы мен сыртқы қарым-қатынасынан қалай әсер ететіні туралы саясаттанушылар мен экономистер пікір білдіріп жатыр.
Айбар Олжаевтың айтуынша, Трамп осының алдындағы президенттігінде Қазақстан экономикасы үшін жаман болмады. Бірақ...
Бұл жолы Трамп АҚШ экономикасының өсуі үшін әлемдік мұнай бағасын түсіруді көздеп отыр. Осы арқылы ол салықты төмендету бойынша уәдесін орындай алады. Әрі Қытайдағы экономикалық белсенділікке кедергі келтірсе, бұл да мұнай фьючерстерінің арзандауына әкелмек. Онда бізде Ұлттық қорды толтыру мен экспорт/импорт балансында проблемалар басталатыны анық.
Камала Харристің қазіргі экономикалық саясатын жалғастыра берсе, онда біз ух деп, алдағы төрт жылда кейбір бюджеттік проблемаларды шешіп алар едік. Дәл қазір қазақ халқына шұғыл қимыл жасамайтын, нарықтарды сілкімейтін, шок тудырмайтын АҚШ президенті керек.
Трамп жеңіп кетсе, Си мырзаның іші өтейін деп тұр. Ал бізге оның микрофлорасының сау болғаны аса маңызды.