17 жастағы Сая Қыдырәлі ағылшын тілі бойынша халықаралық IETELS емтиханынан ең жоғары 9.0 ұпай жинап, әлемдік рекорд жаңартты.
Ресми статистикаға сәйкес, бұл нәтижеге тапсырушылардың небәрі 0,5%-ы ғана қол жеткізе алады. Ол 11 жасынан бастап дайындалып, өз көрсеткішін 6.5-тен 9.0-ге жеткізген.
Сая Қыдырәлі ел тарихында алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізген азамат болып отыр.
Ол өзінің жоғары бал жинаған сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына салған.
"Өмірімдегі ең басты жаңалықтармен бөлісетін адамым менің анам. Мен осындай ұпай жинайтыныма сенбедім", - деп эмоциясын жасыра алмады қыз.
Желі қолданушылары қыздың көз жасын көріп, еңбегінің ақталғанымен құттықтап жатыр.