Қазақ телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар өмірден өтті

Қазақ телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар 74 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Тілеуқабыл Мыңжасар – қазақ телевизиясының қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлесін қосқан білікті журналист.

Телевизиядағы еңбек жолының елеулі бөлігі «Хабар» агенттігімен байланысты. Ол 1998 жылдан бастап телеарнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды.

Марқұмның жаназасы 29 тамыз күні сағат 10:00-де Алматы қаласындағы өз пәтерінде өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 289-үй, 80-пәтер (Әл-Фараби даңғылының қиылысы).