Видео шыққаннан кейін қазақстандықтар Threads әлеуметтік желісінде гидтің әңгімесіне қатысты сыни пікірлер қалдыра бастады, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Гидке қандай сын айтылды?
Көрермендердің негізгі сыны Алматы мен Қазақстанның тарихы, мәдениеті және қазіргі өмірі туралы ақпараттың жеткіліксіз берілуіне қатысты болды. Кей қолданушылар видеода Кеңес Одағы кезеңіне қатысты ностальгиялық әңгімелердің басым болғанын атап өтті.
Сондай-ақ гидтің қала атауын бірнеше рет «Алматой» деп атағаны талқыланды. Ол мұны жергілікті тұрғындар осылай айтатынымен түсіндірген. Әлеуметтік желі қолданушылары кәсіби гид қала атауының дұрыс нұсқасын білуі керек деген пікір білдірді.
Қазақтың ұлттық тағамдары туралы әңгіме де сынға ұшырады. Атап айтқанда, гидтің базарда қазы туралы толық түсінік бере алмағаны айтылды. Көрермендер оның қазақтың дәстүрлі тағамдары мен олардың мәдени маңызы туралы кеңірек ақпарат бере алатынын жазды.
Алматы тарихына қатысты әңгімеде де ұлттық мәдениет пен Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы жеткілікті көрсетілмеді деген пікірлер айтылды.
Қазақ тіліне қатысты сөзі қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желідегі талқылаудың ең көп назар аударған бөлігі — гидтің қазақ тілін меңгермегені және оның қажет еместігі туралы айтқан сөзі.
Бұл пікір көптеген қолданушының наразылығын туғызды. Кейбірі мұндай көзқарасты Қазақстанның мемлекеттік тіліне және елдің егемендігіне құрметсіздік деп бағалады.
Желі оқырмандарының пікірі мынадай болды: