Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Блогерлер, коучтар, тағы басқалары “больым” деп көп айтып жүр. Менің больым дейді. Боль деген сөзді жан жарасы деп алсақ қалай болады? Жан жарасы - қандай әдемі сөз.
Қазақ тілінің қадір-қасиетін қазақша сөйлейтін қазақтар ғана кетіріп жатыр. Кезінде ауылдан шыққан қазақтар, тілі қазақша шыққан қазақтар. Мектепте, университетте қазақша оқыған қазақтар.
Екі сөздің біріне орысша сөз қосу - сән емес. Бұл сорақылық, бұл надандық. Бұл мәдениеттің төмендігі. Ойыңды орысша жеткізгің келсе, таза орысша сөйле. Қазақша айтқың келсе, таза қазақша айт. Құдай үшін, тіл тазалығын сақтайықшы”, - деп жазды журналист.