Бұл халықтың күнделікті өмірде тілді дұрыс қолдануына ықпал етеді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Бүгін мәжілісте дарынды балаларды қолдау саясатын жетілдіруді, мемлекеттік тілдің қолданысын біріздендіруде көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобасының басты бқлімі Қазақ тілін қолдауға арналған. Бастама сөз жүзінде қалмасын деп ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және ҚР Цифрлік даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкіліне қазақ тілінің тілдік моделін тиімді пайдалану және қазақ тіліндегі жасанды интелектіні дамыту туралы сауал қойылды.
Министрлік өкілі Дархан Жұмақанұлы осы бағытта ғылыми жоба жүзеге асып жатқанын айтты.
"Қазіргі таңда біршама ғылыми ұйымдар мен университеттер жұмысты атқарып жатыр. Ақпарат жинақталды, нәтижесінде белгілі жасанды нейрондық модель оқыту басталды. Алғашқы нәтижесін келесі жылы көреміз. 148 млрд токен жиналды", - деді отырыста.
Жинақталған токендердің ішінде қазақша мақалалар, жаңалықтар, және басқа да дереккөздер бар. Жүйені серверге орнатқаннан соң оны мемлекеттік және сектордағы түрлі қажеттіліктерге пайдалану жоспарлануда. Мысалы мемлекеттік қызметтер мен тіл оқыту жүйелерінде.
Кең аудитория үшін қазақ тілінің нормалары мен ережелеріне тұрақты қолжетімділікі қамтамасыз ететін ашық әрі қолжетімді ақпараттық жүйе құрылады. Азаматтар интернет арқылы осы "ақпараттық ресурстарды" тегін пайдалана алады.
Қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеу, генерациялау және талдау үшін жасанды интеллект технолоиясына негізделген қазақ тілінің үлкен тілдік моделін жасау қолға алынады.