Конференцияда түлектер өз жобасын таныстырды, ашық пікірталас өтіп, қатысушылар ұйымдастырушыларға сұрақтар қойды. 2024 жылға арналған Kazakhstan Sociology Lab тыңдаушыларды қабылдау басталғанын жарияланды.
Жұмыспен қамту, білім беру, криминология, гендерлік саясат және т.б. салалардағы жобалар таныстырылды.
8 ай бойы оқушылар «Ворк-шоп: интернеттен деректерді алу, бағдарламалау», Research design, «Қатысушылардың оқу жобаларын таныстыру», «Заманауи маркетингтік зерттеулер» сынды төрт модуль бойынша оқудан өтті.
Бітіру кеші аясында «Qazdatathon» байқауының ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросымен бірлескен финалы өтті. 32 команда жұмысын ұсынды, олардың 12-сі бүгін таныстырылды. Жобалар халықтың өмір сүру деңгейі бойынша деректер негізінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қамтиды.
Іс-шарада Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы сөз алды. «Кез келген әлеуметтік маңызды шешімдер социологиялық мәліметтерге негізделуі керек. Бұл деректер шешімдерді жүзеге асыру үшін негіз болуы керек. «El umiti» КҚ және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы қолдаған әлеуметтанушылар мектебі қазіргі әлеуметтік ғылымда кеңінен қолданылатын жаңа әдістер мен теориялармен бөлісетін орынға айналды. Мектеп мемлекеттік саясатта ойластырылған шараларды әзірлеуге ықпал етеді», - деді ол.