Kazakhstan Today агенттігінің сайты ұлттық AWARD-2006 интернет-сыйлығының иегері атанды

"Ұлттық AWARD.kz 2006 интернет-сыйлығы" атты ІҮ байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға бағытталған салтанатты шара кеше кешке болды. Kazakhstan Today агенттігіне "Астана-Бәйтерек" ескерткішінің көшірмесі түріндегі ескерткіш мүсін мен жеңімпаз дипломы табыс етілді.

Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі 2000-жылы құрылған. Алты жылда агенттік еліміздің ақпараттық нарығында жетекші орынардың біріне ие болып үлгерді. Агенттіктің сайты 2006-жылдың 31-қаңтарында іске қосылған. Жаңалықтар онда он-лайн режимінде шығады.

Статистикалық-сервердің мәліметтеріне сәйкес, www.kz-today.kz сайтын 6 мыңдай тұтынушы оқиды екен. Жалпы агенттіктің интернет-порталын оқушылар саны 9 мыңнан асады. Қазан айында сайтты ашып оқыған тұтынушылардың ең жоғары саны күніне 14 мыңға жетті. Жалпы тұтынушылар саны күніне 19 мыңға жетеді. Тұтынушылар арасында қазақстандықтар 58%, ТМД елдерінің тұрғындары 25%, алыс шетелдердің тұрғындары 18% құрайды.

AWARD.kz ұттық интернет-сыйлығы - осы саладағы отандық жалғыз кәсіби сыйлық болып табылады. Биыл байқауға 580 өтініш келген, оның ішінде 494-і қатысуға іріктеп алынды. Байқау 13 аталым бойынша өткізіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті