Қазақстан аймақтары 2025 жылы қанша қандас қабылдайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл 2024 жылға қарағанда 170 адамға ғана көп болады. Себебі, еңбек министрлігі өңірлік квотаны арттырды.

"Осы бұйрықты қабылдаудағы мақсат - Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген аймақтарға кандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы көшіру", - деп түсіндірді ведомстводағылар.

2025 жылы қабылдау квотасы қандастар үшін былай бөлінді:

Павлодар облысы – 1056 адам;

Ақмола облысы – 285 адам;

Шығыс Қазақстан облысы – 269 адам;

Абай облысы – 244 адам;

Солтүстік Қазақстан облысы – 175 адам;

Қостанай облысы – 150 адам;

Атырау облысы – 100 адам;

Батыс Қазақстан облысы – 30 адам.

Қоныс аударушылар үшін:

Павлодар облысы – 3050 адам;

Солтүстік Қазақстан облысы – 2969 адам;

Қостанай облысы – 535 адам;

Шығыс Қазақстан облысы – 372 адам;

Абай облысы – 255 адам;

Ұлытау облысы – 125 адам;

Қарағанды облысы – 38 адам.

Қандастарға және қоныс аударғандарға мынандай көмек түрлері көрсетіледі:

көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;

12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;

400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;

қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;

жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;

тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 19,7 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

1991 жылдан бастап 2025 жылғы 1 қаңтар аралығында 1 млн 148 мың астам этникалық қазақ тарихи отанына оралды.