Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Елордаға жиналған ірі инвесторлар инвестициялық климатты жақсартуға қатысты ұсыныстарымен бөлісті. Шетелдік инвесторлар неге Қазақстанды таңдайды? Алдағы уақытта қандай жобалар іске асады? Astana.tv тілшісі тарқатты.
Бүгінгі басқосуда Қазақстанның жаңа инвестициялық циклы сөз етілді. Шараға 20-дан астам елден 40-қа жуық компания өкілдері келді. Жаһандық сын-қатерлерге қарамастан Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін тартымды мемлекет. Олар, әсіресе, мұнай-газ, тау-кен, ақпараттық технологиялар, көлік-логистика және медицина салаларына инвестиция құюға ниетті.