Қасым-Жомарт Тоқаев бұл датаның айтулы белес екенін атап өтіп, сала қызметкерлерін құттықтады., деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл датаның айтулы белес екенін атап өтіп, сала қызметкерлерін құттықтады.
"Бәріңізге мәлім, қазақ мұнайы ғасырлар тоғысында алғаш рет Атырау аймағынан алынды. Содан бері бұл сала ел экономикасында айрықша рөл атқарып келеді. Халқымыз да мұнайды «қара алтын» деп атайды. Дүние жүзінің өркендеу жолы энергетика ресурстарымен тығыз байланысты болды. Ғылым мен технологияның дамуына қуат көздері ерекше ықпал етті. Осы үрдіске қазақ жеріндегі қара алтын өндірісі де мол үлес қосқаны сөзсіз", – деді Мемлекет басшысы.