Қазақстан Арменияға шошқа етін экспорттай бастады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік Қазақстандық EMC Agro компаниясы алғашқы 20 тонна мұздатылған шошқа етін Ереванға экспорттады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін кәсіпорынның өнімдері тек Қазақстанда сатылып келген.

"Біз сондай-ақ шошқа етін Грузияға экспорттау туралы келіссөз жүргіздік. Жақын күндері бұл елге де алғашқы 20 тонна ет жіберіледі.Мұны Қазақстан үшін үлкен жетістік деп айтуға болады, өйткені біз үшін бұл нарық енді ғана ашылуда. Армения мен Грузия бізден ай сайын 400 тонна ет сатып алуға дайын екенін білдірді", - дейді компания өкілдері.

Айта кетері, бұл кәсіпорын ай сайын ел ішінде 700-800 тонна шошқа етін сатады. Егер аталған екі бағытпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатылса, өнімімнің 50%-ы шетелге жіберуге мүмкіндік бар.

"Жалпы, EMC Agro әлемдегі ең ірі шошқа етін тұтынушы Қытаймен ынтымақтастық орнатуды қарастыруда. Биылғы жазда Қытай ет қауымдастығының өкілдері EMC Agro өнеркәсіп кешеніне барып, өндірісті тексергеннен кейін, жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты", - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты компания Қытай Бас кеден басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер тізіліміне енуге әрекет жасап жатыр.