Қазақстан автожолдарында "ақылды" камералар сынақтан өтіп жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан автожолдарында "ақылды" камералар сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде жүргізушілер автожолдар бойындағы ерекше құрылғылардың суреттерін бөлісіп, түрлі сұрақтар қоя бастаған болатын.

Бұл – "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жол саласын цифрландыру аясында енгізіп жатқан жасанды интеллект элементтері бар жаңа бейнеаналитика жүйесі.

"Жүйенің басты ерекшелігі – автономды жұмыс істеуі. Яғни құрылғылар әдеттегі инфрақұрылым жоқ шалғай жол учаскелерінде де қызмет ете алады. Ол үшін камералар күн панельдерімен және жел генераторларымен жабдықталады", - дейді компания.

Құрылғылар күн мен желден қуат алып, жолдағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, деректерді тиісті қызметтерге жеткізеді, деййді ҚазАвтоЖол.

Жасанды интеллект жолдағы ықтимал қауіпті жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.