Қазақстан азаматтары үшін тағы бір жеңілдетілген баспана несиесі ұсынылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Сүйінші жаңалықпен тележурналист Айгүл Мүкей өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

"Тұрғын-үй жинақтау жүйесі бойынша 5 пайыздық ипотеканы, Қазақстанда тек Отбасы банкпен алу мүмкін болатын. Бірақ енді мұндай мүмкіндік басқа да екінші деңгейлі банктерге беріле бастады.

Мұндай бағдарламаны енгізушілердің бірі - Freedom банк болып отыр. Бұл туралы бүгін банк өкілдері форумда мәлімдеді. Олардың айтуынша, 5%-дық мөлшерлемесі бар ипотеканы алу үшін, банкте депозит ашу керек.

Олар бұл бағдарламаны BI Group-пен бірлесіп жасайтын болады", - деді ол.