Қазақстан азаматтығын алу кезінде қазақ тілін білуге қойылатын талап жеңілдетіледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатта мемлекеттік тілге қойылатын талап төмендетілетіні айтылған.

Азаматтық алу үшін үміткерлер:

Қазақ тілі бойынша — кемінде 15 балл (бұрын 36 балл болған);

Конституция негіздері бойынша — 20 балл (бұрын 9 балл);

Қазақстан тарихы бойынша — 15 балл (бұл талап өзгеріссіз қалды) жинауы қажет.

"Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерді тестілеудің әрбір пәні бойынша сұрақтар санының максималды тең қатынасын қамтамасыз етуге және шекті деңгейді 10%-ке төмендетуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті министрлік.

Бұйрық жобасы 25 шілдеге дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда болады.