Caravan Logo

Қазақстан азаматы Лондонда адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

Қазақстан азаматы Лондонда адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

Қазақстан азаматы Лондонда кісі өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа поратлы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

37 жастағы Бейбіт Баймолда 42 жастағы ер адамды пышақтап тастаған. Оған 7 мамырда Темза сотында кісі өлтірді деген айып тағылып, 10 мамырда қамауға алынған. 

«Полицияға 6 мамыр кешкі сағат 21:00 кезінде Кренстон Гарденс, Е4 мекен-жайы бойынша ер адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабар келеді. Өкінішке қарай 42 жастағы азамат оқиға орнында қансырап қаза тапты», - делінген The standard таратқан хабарламада. 

Баймолдамен бірге 33 жастағы әйел ұсталған. Ол тергеу біткенше кепілмен босатылған. Қазақстан азаматы 2023 жылы Ұлыбританияға маусымдық жұмыс істеуге барған.