Қазақстан Азияда ойындарын 84 медальмен аяқтады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан 11-орын алған болатын. Осылайша, алдыңғы Азия ойындарымен салыстырғанда құрама үш сатыға көтеріліп, алтын медальдар санын арттырды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы биылғы ойындарда олимпиадалық спорт түрлерінен бірқатар тарихи нәтижелерге қол жеткізді.

Дзюдодан аралас командалық турнирде Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Қазақстандық дзюдошылар плей-офф кезеңін Қырғызстанды 4:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда Оңтүстік Кореядан 4:3 есебімен басым түсті. Бұл тартыста жеңісті Аида Тойшыбекова әкелді. Ұлттық Олимпиадалық комитеті финалда қазақстандықтар жарыс қожайындары Жапония құрамасымен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалғанын хабарлады.

Джиу-джитсудан Мерей Қабдуллаев екінші орын алды. 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық шешуші белдесуге дейін жетіп, финалда Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Тарик Надомен кездесті. Финалдық жекпе-жекте қарсыласы жеңіске жетті. Бұл спорт түрінен Мариан Журавлева да медаль әкелді. 63 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде ол Иордания өкілі Майя Ишакатты жеңіп, турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Қазақстан тарихында тұңғыш рет таэквондоданАзия ойындарының алтынын Тамиран Тілеулес жеңіп алды. Ол 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыста чемпион атанды.

Бокстан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан, ал 90 келіден жоғары салмақта ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды.

Қазақстанның ерлер арасында семсерлесуден ұлттық құрамасы Оңтүстік Кореяны финалда 43:42 есебімен жеңіп, Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет алтын медаль иеленді. Қарсылас команда құрамында жекелей семсерлесуден Рио-2016 Олимпиада чемпионы Пак Сан Ён өнер көрсетті.

"Бұл жетістік тарихи маусымның бір бөлігі болды: команда Азия чемпионатында жеңіске жетіп, алғаш рет әлем чемпионы атанды, кейін Азия ойындарында да топ жарды. Бұған дейін бір маусым ішінде мұндай нәтижеге ешбір команда қол жеткізбеген", – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазақстан тарихында академиялық ескек есуден Азия ойындарының тұңғыш алтынын Владислав Яковлев пен Иван Чернухин жеңіп алды. Олар ерлер арасындағы рулдеушісі жоқ жұптық ескек есуден жарыста жеңімпаз атанды.

Велошабандоз Алексей Луценко жазғы Азия ойындарындағы алтын медальдарының санын алтыға жеткізіп, жеңістер саны бойынша Қазақстанның ең көп жүлде алған спортшысы атанды. Рината Сұлтанова Қазақстан әйелдер велоспорты тарихында жекелей жарыста алғаш рет алтын медаль иеленді.

Каратеден Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева екі алтын медаль жеңіп алды. Берульцева үшін бұл Азия ойындарындағы екінші чемпиондық болды. Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енген аралас жекпе-жек турнирінде Қазақстан бірден көшбасшылар қатарына қосылды: Еркінғали Бүркүтәлі мен Қадырбек Шынбаев чемпион атанса, Санжар Әділов қола медаль иеленді.

Дзюдодан Қазақстан құрамасы алғаш рет жекелей сында төрт финалға дейін жетті. Елдос Сметов, Абиба Әбужақынова, Әділет Алмат және Ажар Асхат күміс жүлдегер атанып, финалда Жапония өкілдеріне жол берді. Тағы бір күміс медальды құрама аралас командалық турнирде жеңіп алды. Бес финалдық кездесудің барлығында Қазақстанның қарсыласы Жапония құрамасы болды

Қазақстан су добынан күміс медаль жеңіп алды. Елдің ерлер құрамасы финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде осы Азия ойындарында екінші рет Жапония құрамасымен кездесті. Финалдық матч 24:7 есебімен жарыс қожайындарының пайдасына аяқталды. Осылайша, Қазақстан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Жүлдегерлер қатарына еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов та қосылды. Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жартылай финалда ол ирандық Юнес Эмамичогаейден жеңіліп, қола медаль үшін күресті жалғастырды. Үшінші орын үшін белдесуде Қайпанов үндістандық Сагар Джагланды 5:0 есебімен жеңді.

Әйелдер күресінен Нилуфар Раимова қола медаль жеңіп алды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қазақстандық балуан Өзбекстан өкілі Лайлохон Собированы жеңді. Жартылай финалда Раимова қытайлық Хун Кэсиннен жеңіліп, үшінші орын үшін күресуге мүмкіндік алды. Қола жүлде үшін белдесуде ол Шри-Ланка спортшысы Нетми Ахинсу Фернандоны жеңіп, жарысты жүлделі орынмен аяқтады.

Қазақстан қоржынына көркем гимнастикадан топтық көпсайыс құрамасы тағы бір қола медаль салды. Топтық көпсайыстың финалында команда 51,550 ұпай жинады. Бес доппен орындалған жаттығу үшін қазақстандық гимнасшылар 25,450 ұпай, ал үш шеңбер және екі жұп шығыршықпен орындалған бағдарлама үшін 26,100 ұпай алды. Қазақстан құрамасы сапында Жасмин Жүнүсбаева, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская өнер көрсетті. Жарыста Қытай құрамасы 55,300 ұпаймен жеңіске жетсе, Жапония 52,500 ұпаймен күміс медаль иеленді.

Осылайша, жарыстың соңғы күнінің алдындағы кезеңде Қазақстан құрамасының қоржынында 84 медаль бар: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола. Жалпы командалық есепте ұлттық құрама сегізінші орында тұр.

XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.