Сауда министрлігі азық-түлік бағасын тежеуге бағытталған шараларды қолға алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
15 мамырдан бастап тірі малды әкетуге тыйым салынды. Аталған шара инфляция қарқынын төмендетуге мүмкіндік берді. Егер ақпан–сәуір айларында бағалар ай сайын орта есеппен 3%-ға өсіп отырса, мамыр–шілде айларында өсім 1,4%-ға дейін баяулаған.
Көрші елдер, мысалы, Өзбекстан үшін қазақстандық ет бағасының тартымдылығы және қайта өңделген өнімді экспорттау мүмкіндігі олардың көп көлемде сатылуына әкелді.
2025 жылы сиыр етінің экспорты 27 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылғы деңгейден 3,2 есе көп. Ішкі теңгерімді сақтау үшін жыл соңына дейін сиыр етін экспорттауға квота белгілеу туралы шешім қабылданды, ал әкету құқығы тек ет өңдейтін кәсіпорындарға беріледі.
Қосымша шара ретінде үш елден ет импорттауға кедендік баж салығын нөлге дейін төмендету бастамасы қарастырылуда. Осындай ұсынысты Ресей де жасады. Сауда министрлігі бұл қадам азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, саланың экспорттық әлеуетін сақтауға мүмкіндік береді деп есептейді.
Экспорт пен импортты реттеуден бөлек, елде сауда үстемелеріне де қатаң бақылау жүргізілуде.
Министрліктің мәліметінше, желілер мен базарлардағы бағаларды күнделікті бақылау арқылы қосылатын бағаны 5–14% аралығында ұсталып отырғанын көрсетеді. Ірі сауда желілерінде заңбұзушылықтар анықталған жоқ.
2025 жылдың басынан бастап өнімнің бағасын жасанды түрде көтерген 345 делдал саудадан шығарылды. Жалпы 2 мыңнан астам әкімшілік қаулы шығарылды, оның ішінде 2,6 мыңнан астамы сауда үстемелерін бақылауға қатысты. Соның 1,5 мыңы – 56,5 млн теңге көлемінде айыппұл арқаласа, қалғандарына ескерту жасалды.
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға рұқсат етілген үстемеден асып кеткені үшін ғана 2,2 мың қаулы рәсімделген, оның ішінде 39,6 млн теңге айыппұл салынған.
Сауда министрлігі қабылданған шаралар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беріп отырғанын, ал азық-түлік инфляциясы баяулап келе жатқанын атап өтеді. Қазақстан әлі де ЕАЭО елдері арасында ең қолжетімді азық-түлік себетін сақтап отыр.