Қазақстан қай елдерге қарыз?

Мәселенің мән-жайын Caravan.kz медиа порталының тілшісі зерделеп көрді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 159,6 трлн теңгені құрады. Осылайша, мемлекеттік қарыз көлемі ЖІӨ-нің 23 пайызына тең. Бұл – экономикасы дамып келе жатқан ел үшін салыстырмалы түрде төмен деңгей.

Дегенмен мемлекеттік қарыз көлемі өсіп келеді. Диаграммаға сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік басқару органдары мен Ұлттық банктің жиынтық қарызы 8 пайызға артса, 2026 жылы өсім 23 пайызға жеткен.

Мемлекет кепілдік берген қарыздарды қоса есептегендегі жалпы мемлекеттік қарыз бүгінде 21,9 млрд долларды құрайды.

Сонымен қатар қарызға қызмет көрсету шығындары да ұлғайып отыр. Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы бюджеттен несие пайыздарын төлеуге 3,5 трлн теңге бөлінеді.

Мемлекеттік қарыздың басым бөлігі ел ішінде тартылған. Оның көлемі – 27 трлн 145 млрд теңге.

Ал сыртқы мемлекеттік қарыз 8 трлн 186 млрд теңгені немесе 17 млрд долларды құрайды. Бұл – елдің ЖІӨ-нің 5,3 пайызы.

2025 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстан 5 млрд 198,1 млн теңге көлемінде жаңа қарыз тартқан. Қарыздардың негізгі бөлігі АҚШ долларымен рәсімделген. Оның үлесіне барлық қарыздың шамамен төрттен бірі тиесілі.

Қарыз алынатын негізгі валюталар арасында екінші орында – Ресей рублі, үшінші орында – еуро тұр.