Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев утилсбордың күшін жою туралы петиция бойынша қоғамдық тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Жұмыс тобының қатысушылары елге жеті жылдан асқан көлік құралдарын әкелуді шектеуді ұсынды. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және оны Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына ұсынуды жоспарлап отырмыз. Егер барлық бес мүше ел келіссе, онда техникалық регламентке тиісті өзгерістер енгізілетін болады", – деді Бектібаев.
Бұл ұсыныс жұмыс тобының талқылау қорытындысы бойынша келіп түсті. Егер бастама қабылданса, Қазақстанда автомобильдердің жасы бойынша жаңа импорттық шектеулер енгізілетін болады.
Бұл елдегі көлік паркінің жаңаруына және экологиялық жағдайдың жақсаруына септігін тигізеді деп күтілуде.