Қазақстан көршілес елдермен су бойынша 38 келіссөз жүргізді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның 27-сі Орталық Азия елдерімен, 11-і ҚХР және Ресеймен жүргізілді. Атап айтқанда, Қырғызстан және Өзбекстанмен бірлесіп, биылғы вегетация кезеңіне Тоқтоғұл су қоймасы мен Үшқорған ГЭС-інің жұмыс режимі келісілді. Тәжікстан және Өзбекстанмен «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимі және «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы су беру мәселесі келісілді.