Қазақстан құрамасы Паралимпиаданы рекордпен аяқтады

Соңғы жүлде қола медальды командаға дзюдошы Жүрқамырза Шүкірбеков ие болды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы Паралимпиада тарихында ең сәтті өнер көрсетті. Соңғы ойындарда қазақстандық паралимпиадашылар Токио ойындарында 5 медаль жеңіп алды, алайда бұл жолы олар өткен нәтижеден едәуір асып түсті.

Екі спортшы алтынмен Паралимпиада чемпиондары атанды: Дэвид Дегтярев (Пара пауэрлифтинг), Ақмарал Науатбек (пара дзюдо).

Қазақстандық үш спортшы күміс медальдарға ие болды: Еркін Ғаббасов (нысана көздеу), Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу), Ерғали Шамей (пара дзюдо).

Қола медальдарды: Дастан Мұқашбеков (ядро лақтыру), Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Раифова (пара дзюдо), Жүрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо) жеңіп алды.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты бүгін, 8 қыркүйек күні Париждің жергілікті уақыты бойынша 20:30-да өтеді.