Қазақстан мен Австрия арасында тікелей рейс ашылады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесуінде айтылды. 

«Кездесу барысында Қазақстан мен Австрия арасында аптасына екі рет ұшатын тікелей рейстер ашу мәселесі талқыланды. СКАТ әуе компаниясы рейстерді 2025 жылдың көктеміне жоспарлап отыр», - деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті. 

Тараптар жиын барысында туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелерін де қозғады.