Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Беларусь Республикасының үкіметтік делегациясы Қазақстандағы цифрлық индустриясының дамуы, инновациялық стартаптар және GovTech шешімдерімен танысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық мемлекетті жедел дамыту және экономиканың барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізу жөнінде қойған міндеті шеңберінде Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда Қазақстан БҰҰ-ның онлайн қызметтер индексі бойынша әлемде 10-шы, ал ТМД-да 1-ші орында, сондай-ақ жаһандық электронды үкіметті дамыту индексінде 24-ші орында тұр. Еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы азаматтарға онлайн режимде көрсетіледі.
Peer-to-peer инновациялық оқыту жүйесі қолданылатын Tomorrow мектебіне барған кезде Қазақстанның жоғары білікті IT мамандарды даярлау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарына назар аудартылды. Жалпы Қазақстанда 500 мыңға жуық азамат жасанды интеллект негіздерін оқып жатыр.