Қазақстан мен Ресей жастары өңіраралық ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Форум алаңында жастар-еріктілер форумы, Қазақстан колледждері мен кәсіпорындарының серіктестік көрмесі ашылды.

Оралда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық XXI ынтымақтастық форумы өтіп жатыр

© Sputnik / Санат Имангалиев

Іс-шарада жұмысшы мамандықтар тақырыбы көп қозғалды. Бұл туралы "Киров облысының жас кәсіпкерлер клубы" аймақтық жастар қоғамдық ұйымының өкілі Лолита Стародубцева айтты.

"Жастардың қаншалықты қызықты екенін түсіну маңызды. Өйткені олардың еңбекке деген құлшынысы бізбен салыстырғанда өте ерекше. Жұмысқа тарту, тәжірибені бірге өткізудегі көзқарасы жоғары деңгейде", - дейді Лолита Стародубцева.

Киров облысының жас кәсіпкерлер клубы" аймақтық жастар қоғамдық ұйымының өкілі Лолита Стародубцева

© Sputnik / Санат Имангалиев

Форум аясында екі секциялық сессия өтті. Бұл "жастар үшін жұмысшы мамандықтарының тартымдылығы мен тенденциялары" және "Тату көрші": волонтерлік тәжірибе алмасу". Онда еңбек нарығындағы үрдістер, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру жолдары, экологиялық жауапкершілікті дамыту және волонтерлік мәдениетті қалыптастырудың тиімді тәсілдері талқыланды.

Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық XXI ынтымақтастық форумы өтіп жатыр

© Sputnik / Санат Имангалиев

12 қарашада форумға Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев қосылады деп жоспарланып отыр, олар форумның пленарлық отырысында бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді.

Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық XXI ынтымақтастық форумы өтіп жатыр

© Sputnik / Санат Имангалиев