Бұл жайында Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллидің екі жақты кездесу барысында мәлім болды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап
Арман Шаққалиевтің айтуынша, Италия Еуропалық Одақ елдері арасында Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2023 жылы екі ел арасындағы жалпы тауар айналымы - $16,1 млрд, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8%-ға көп. Қазақстаннан Италияға экспорт $14,8 млрд жетті, ал импорт - $1,2 млрд, бұл өсімнің оң динамикасын көрсетіп отыр.
Сауда-саттықтың өсуі осы жылы да жалғасын тапты. 2024 жылдың 8 айында сауда көлемі 33%-ға өсіп, $13,8 млрдқа жетті. Қазақстандық өнімнің экспорты 36% -ға артып, $12,9 млрд-қа өсті.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 29 қазанда Астанада экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Италия үкіметаралық жұмыс тобының (ҮАК) 9-шы отырысы өткенін атап өтті. Отырыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар айында Италияға сапарынан кейінгі тапсырмасы шеңберінде өтті және сауда-экономикалық мәселелерді талқылауда маңызды рөл атқарады.
Италиялық қонақ Эдмондо Чириелли шақырғаны үшін алғысын білдіріп, кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Біздің сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынасымыз нығая түсетініне сенімдіміз. Қазақстан Орталық Азияда негізгі орынға ие және Еуропаны өңірмен байланыстырады. Екіжақты сауда көлемі едәуір өсті және біз қол жеткізілген нәтижелерге қанағаттанамыз. Біз Қазақстанда Cassa Depositi e Prestiti мемлекеттік банкінің несие желісін ашуды жоспарлап отырмыз. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың дами беретініне сенімдіміз. Бұл кездесулерді өткізу біздің ынтымақтастығымыздың алты жылдық кезеңін аяқтаған маңызды кезең болды, - деді Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары.