Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Энергетика министрлігі бұл климаттық жағдайларға және жылыту маусымының ұзақтығына байланысты екенін айтып, түсіндірді. Алайда, Қазақстан І-тоқсанда өз міндеттемелерін орындау және артық өндірісті өтеу үшін барлық күш-жігерін салуды жалғастырады.
Сондай-ақ, бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 53-ші отырысының шешіміне сәйкес Қазақстан 2024 жылғы 30 сәуірге қарай ОПЕК хатшылығына өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын ұсынады, – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Бұған дейін Қазақстан өзінің ағымдағы міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартқан болатын.