Қазақстан президенті Қытайдың жаңа халықаралық ұйым құру жөніндегі бастамасын қолдады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің айтуынша, Қытай Халық Республикасы жасанды интеллект саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құруды ұсынған.

"Мақсат – ЖИ басқаруда көпжақты тәсілді ілгерілету, цифрлық теңсіздікті азайту, этикалық нормаларды дамыту және жасанды интеллектіні орнықты пайдалану. Қытайдың осындай ұйым құру туралы ұсынысын қолдап, дайындық жұмыстарына қатысу қажет деп санаймын. Бұл – еліміздің мүддесіне сай", – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, кеңес барысында Мемлекет басшысы елдегі барлық цифрлық экожүйені – мемлекеттік те, квазимемлекеттік те – бірыңғай ұлттық (суверенді) платформаға көшіруді тапсырды.