Caravan Logo

Қазақстан Ресей кондитерлік өнімдерін импорттаудан көш бастап тұр

Қазақстан Ресей кондитерлік өнімдерін импорттаудан көш бастап тұр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан ресейлік өнімдердің жалпы көлемінің үштен бірін сатып алды

Қазақстан Ресейден ұн кондитерлік өнімдерін сатып алушылар арасында көш бастап тұр.

Ресейде экспорт бойынша көш бастап тұрған 5 ел анықталды. Соның бірі – Қазақстан. Бұл мәліметті өнім экспортын дамытудың федералды орталығы жариялады.

Қазақстанның жалпы үлесі – 30%,

Екінші орында Беларусь - 20%,

Қырғызстан, Әзірбайжан және Өзбекстан - 6%.

Ресей биылғы төрт айда шетелдік нарықтарға 196 миллион долларға 86 мың тоннаға жуық ұн кондитерлік өнімдерін жеткізген. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда экспорт 13%-ке өсті.