Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна мазут жіберді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 893,7 млн. теңгеге 5000 тонна мазут берді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Гуманитарлық көмек "KazAID" қазақстандық халықаралық даму агенттігінің көмегімен көрсетілді.

Соңғы 5 жылда Қазақстан тарапынан Тәжікстанға көрсетілген гуманитарлық көмек көлемі 21 млн АҚШ долларынан асты.