Caravan Logo

Қазақстан түрмелерінде намаз оқитын бөлмелер неге қарастырылмаған

Қазақстан түрмелерінде намаз оқитын бөлмелер неге қарастырылмаған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

-ІІМ-нің 2014 жылғы 14 тамыздағы бұйрығымен бекітілген «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулық» талаптарына сәйкес сотталғандарға өздерінің әртүрлі діни сенімдеріне қатысты салт-жораларды мекеменің күн тәртібімен көзделген жеке уақытта өзінің ұйықтайтын орнының жанында жеке орындауға рұқсат етіледі. Бұл мақсатқа арнайы орын-жай бөлінбейді, - деп жазады министрліктегілер.

Бұл мәселе Қылмыстық-атқару кодексінің арнайы бабымен де реттелген.

-Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабына сәйкес, сотталғандардың діни жораларды орындауы мекеме қызметіне кедергі келтірмеуі, ішкі тәртіпті бұзбауы, сондай-ақ жазаларын өтеп жатқан басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектемеуі тиіс, - деп жазылған министрлік жауабында. https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-turmelernde-namaz-okitin-bolmeler-nege-karastirilmagan-m-zhauabi-101a6e/