Қазақстан уран өндірісін 11%-ға арттырды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан уран өндірісін 2025 жылы 11%-ға арттырып, 25 800 тоннаға жеткізді, деп хабарлады "Қазатомөнеркәсіп".

2026 жылы күкірт қышқылының қолжетімділігіне байланысты уран өндірісі 27 500-29 000 тоннаға жетеді деп күтіліп отыр.

Еске салайық, 2025 жылы Оңтүстік Қазақстанда күкірт қышқылы зауыты салынды. Ресейлік тыңайтқыш өндіруші "ЕуроХим" компаниясының қазақстандық еншілес компаниясы алғашқы өнімдерін шығарды.