Caravan Logo

Қазақстан жұмыссыздық деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде нешінші орында

Қазақстан жұмыссыздық деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде нешінші орында

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың 211,1 мыңы ер адам, 237,1 мыңы әйел. Жұмыссыз қалғандардың ең көбі Алматыда: 51,9 мың адам – өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ке артқан. Екі қолға бір күрек таппаған адамдардың саны бойынша Түркістан облысы екінші, Алматы облысы үшінші орында. Ал Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында жұмыссыз жүргендер аз.

Жұмыссыздыққа ең көп себеп – жұмыс таппау, сосын өз еркімен жұмыстан кету, ал үшінші орында — отбасылық жағдай бойынша жұмыстың болмауы.

Жұмыссыздыққа тағы бір себеп – ұйымның таратылуы немесе банкрот болуы, сондай-ақ штаттың қысқаруы, үй шаруашылығын жүргізу, денсаулық проблемалары,еңбек шарты мерзімінің аяқталуы және оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыстың болмауы.

Trading Economics рейтингісіне сәйкес, жұмыссыздық деңгейі бойынша Қазақстан 182 ел арасында 74-ші орынды иеленді. ТМД елдерінің арасында Қазақстан тізімнің ортасында тұр. Жұмыссыздық деңгейі Қырғызстанда - 1,9%, Ресейде - 2,3%, Молдовада - 3,6% және Түрікменстанда - 4,2%.

Әзербайжан, Өзбекстан,Тәжікстан және Украинада керісінше жұмыссыздық деңгейі жоғары.