Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Орталық Азия өңірі, Транскаспий бағыты және Закавказье елдерінде жүк тасымалдауды жеңілдетуге арналған "Жіксіз транзит" жобасын ұсынды.
Қазақстан өкілдері жаңа жобаны Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастырған шарада таныстырды.
Қытай-Қазақстан-Өзбекстан (Оңтүстік көлік дәлізі) бағыты бойынша 2024 жылдың мамыр айында "Жіксіз транзит" іске қосылды. Ол Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Алтынкөл" теміржол өткізу пункті арқылы Қытайдан Орталық Азия мен Еуропаға теміржол арқылы контейнермен жүк тасымалдауды автоматты түрде басқаруға мүмкіндік береді.
Жоба Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қатысуымен жүзеге асырылуда.
2025 жылдың бірінші тоқсанында жобаны Қытай-Қазақстан-Ресей-Беларусь (Солтүстік көлік дәлізі) бағыты бойынша іске қосу жоспарлануда.
Жалпы, ЕАЭО-да бірыңғай көлік кеңістігін құру үшін цифрлық технологияларға көшу мәселесі өзекті болып отыр. Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында тиісті ведомство өкілдері осы мәселені талқылады.
Отырысты ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев жүргізді.