Қазақстанда 0 градусқа дейін күн суытады

Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазақстанда жаңбыр мен найзағай күтіледі

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

13-14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында, 14 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аймақтарында, 15 қыркүйекте Маңғыстау облысында жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал түнгі және таңғы уақыттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Ауа температурасы қандай болады?

Республика аумағының көп бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

Ал батыста және оңтүстік-шығыста ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.